ЕХРО-2017 БИЛЕТТЕРІ «ҚАЗПОШТА» АРҚЫЛЫ САТЫЛЫМҒА ШЫҒАДЫ
2017 жылы Астанада өтетін ЕХРО халықаралық көрмесінің билеттері «Қазпошта» арқылы сатылымға шығады. Бұл ең алдымен алыстағы ағайынның әлемдік деңгейдегі шарадан шет қалмауы үшін жасалып отыр. Бүгін еліміздің ұлттық пошта операторы мен ұлттық компания арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Енді жаңа жылдан бастап «Астана ЕХРО» логотипі бар маркалар шығарыла бастайды. Сол сияқты халықаралық көрме белгісі банкоматтарға жапсырылмақ. Ал билеттер мен кәдесыйлар «Қазпоштаның» филиалдар жүйесі мен ғаламтор арқылы сатылымға шығарылады. Айта кетейік, ЕХРО-ны насихаттау үшін 1 млн 700 мың еуродан астам қаржы бөлінген.
- 3300-ден астам бөлімшеміз бар. Ауылдық жерлерде ЕХРО-ны насихаттау бойынша ақпараттық материалдар, ақпаратттық роликтер және билет тарату жағынан көмектесу керек, - «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин.