ЖЕКЕ ЕМХАНАЛАР ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТЕДІ
Денсаулық сақтау саласында беймемлекеттік сектор дамып, жеке емдеу ұйымдарына инвестиция көптеп тартылған сайын мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің маңызы арта түседі.
Бұл бағытта Қызылорда облысында келесі жылдан бастап мемлекеттік тапсырыс аясында жеке емханаларда халыққа тегін қызмет көрсету жолдары қарастырылуда. «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы ОКО брифингінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова сондай-ақ Қазалы және Жаңақорған аудандарында ауданаралық офтальмологиялық орталықтар ашу жоспарда бар екенін жеткізді. Орталықтар заманауи офтальмологиялық микроскоптармен, басқа да қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі.
- Осыдан кейін елді мекен тұрғындары үшін сапалы медициналық көмек қолжетімді бола түседі. Жаңа емдеу ұйымдарына соңғы үлгідегі техникалар қойылады. Бұл сыртқа шықпай-ақ өзімізде тексерілуге мүмкіндік береді, - деді Ақмарал Әлназарова.
Назерке САНИЯЗОВА