CЫР ӨҢІРІНДЕ АУЫЗСУ САПАСЫ ЖАҚСАРДЫ
Қызылордалықтар енді өзеннің емес, жер асты суын тұтынады, деп хабарлады «24 кз». Бүгінде қала халқы толығымен Қызылжарма кенішінің суын ішіп отыр. Бұл мақсатқа 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп, «Дала» су тоғаны іске қосылған. Бұған дейін қызылордалықтарға Қызылжарма кеніші мен Сырдария өзенінің суы араластырылып берілді. Тіршілік нәрі 5 сатылы тазартудан өтетін. Соның өзінде сапасы сын көтермеді.
- Біз осы уақытқа дейін Сырдария өзенінен алып, тексеріп, қалаға жіберіп отырдық, онда кермектілігі 7-ден аспау керек, ал Сырдария өзенінде 13-14-ке дейін жетіп жүрді. Қаланы жер асты су көзіне толық көшіру үшін «Дала» атты тоған салынды. Айтулы нысан «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында іске қосылды. Жобаны жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 2,5 млрд теңге бөлінді, - бас су тоғанының зертхана меңгерушісі Шолпан Қалиева.
- Барлығы 20 ұңғыма бұрғыланған, олардың тереңдігі 570 метрге дейін жетеді. Тәулігіне 24 мың 960 текше су айдалады. Мамандардың болжамы бойынша, жер астындағы су қоры 25 жылға жетеді. Тіршілік нәрінің мөлдірлігі сондай, тазалап, арнайы сүзгіден өткізудің де қажеті жоқ, - деді «Мелиоратор» ЖШС өндіріс жөніндегі директоры Сұлтан Хамзаев.
- Қазір қалаға беріліп тұрған судың сапасы бұрынғымен салыстырғанда 10 есе жақсарды. Егер бұрын Сырдария өзенінің суын сүзгіден өткізгеннің өзінде 1 литрдегі кермектілігі 10 миллиграмм шамасында болса, қазір бұл көрсеткіш 1 миллиграмға дейін төмендеді, - деді «Қызылорда су жүйесі» МКК директоры Нұржан Диханбаев.
Осыдан бір жыл бұрын қала аумағында 71 су ұңғымасы болатын. Бүгінде олардың саны 128-ге жетті. Қазір қала толықтай жер асты су көздері арқылы қамтамасыз етіліп тұр. Таза әрі сапалы тіршілік нәріне қол жеткізу қызылордалықтардың талай жылғы арманы еді.