ҚЫЗЫЛОРДАДА МЕДИЦИНАЛЫҚ СALL ОРТАЛЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
2016 жылдан бастап Қызылорда облысының емханаларында медициналық көмек сапасы артады, - деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова бүгін «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы ОКО-ның брифингінде.
Бұдан былай әрбір емхана медицинаның нақты бір бағытын – офальмология, кардиология, нефрология және тағы басқаны дамытуға күш салады. Егер пациенттің тіркелген емханасында тиісті ем-дом жасау мүмкін болмаса, науқасты мамандандырылған орынға бағыттайды.
- Тұрғындар енді облыстық медицина орталығы жанынан ашылған 40-00-01 нөмірлі Сall орталыққа хабарласа алады. Егер медициналық көмектің сапасы мен тәртібіне қатысты кедергілерге жолықсаңыз, пациенттерді қолдау қызметіне жүгінуге болады. Сарапшылар қысқа мерзім ішінде амбулаторлық-емханалық көмек көрсету ережесіне сәйкес мәселеңізді шешуге ықпал жасайды, - деді Ақмарал Әлназарова.
Назерке САНИЯЗОВА