МҰРАТБАЕВ КӨШЕСІНДЕГІ КӨПІР ҚҰРЫЛЫСЫ КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ АЯҚТАЛАДЫ
Қызылорда қаласының Мұратбаев көшесі алдағы уақытта Сырдария өзенінің сол және оң жағалауын байланыстыратын, көлік қозғалысына арналған айналма жолына айналады.
Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасынан хабарлағандай, көшедегі көпір құрылысы келесі жылы аяқталады. Сол жағалаудағы аумақ қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға өте ыңғайлы. Өйткені аумақтың солтүстік және шығыс жағынан Сырдария өзенінің су артериясы, ал солтүстік-батыс жағынан Шіркейлі каналы өтеді.
Сонымен бірге сол жағалаудағы алаңның қаланың тарихи орталығына жақындығы да маңызды роль атқарады. Сол жағалау бойынша жоспарланған аймақ қаланың жоспарлау құрылымын ықшамдауға және қаланың барлық элементтерін байланыстыруға мүмкіндік береді.
Назерке САНИЯЗОВА