«ҰЛЫ ДАЛА ТӨСІНДЕГІ МӘҢГІЛІК ЕЛ: ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК»
Бүгін Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы» қауымдастығының ұйымдастыруымен «Ұлы дала төсіндегі мәңгілік ел: Әлеуметтік әріптестік» тақырыбында VII облыстық азаматтық форумы өтті.
Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Жазира Жылқышиева аймақта азаматтық қоғам институттарының атқарған ауқымды шараларына тоқталды. ҮЕҰ-ларға алдағы уақытта да мемлекет тарапынан қолдау жалғасатынын жеткізді.
«Шапағат» мүгедек балаларды сауықтандыру орталығы» қоғамдық қорының президенті Ш.Жеңсікбаева, «Ақ босаға» қоғамдық бірлестігінің төрайымы М.Аңсатова, «Бастамаларды қолдау» қоғамдық бірлестігінің төрайымы М.Төлепова, «IZET» қоғамдық қорының директоры Ш.Үмбетаевтар баяндама оқыды.
Шара соңында үздік деп танылған ҮЕҰ өкілдері марапатталды.