9 ЕЛДІ МЕКЕНДЕГІ ЖОСПАРЛЫ СПОРТ КЕШЕНДЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚЫСҚАРТЫЛДЫ
Қызылорда облысының 9 елді мекенінде салу жоспарланған спорт кешендерінің құрылыстары қысқартылды.
«Сыр Медиа» ЖШС жанындағы ОКО-ның брифингінде облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев мұның себебі әлемде күтіліп отырған қаржылық дағдарысқа байланысты екенін жеткізді.
- Ал футбол алаңы мен Илья Ильин атындағы спорт кешенін салу жолдары қарастырылуда, - деді басқарма басшысы.
Брифингте осы салада биылдыққа атқарылған жұмыстар мен жетістіктер туралы кеңінен айтылды. Бұқаралық спортты дамытуға 2015 жылы облыстық бюджеттен 106,3 млн. теңге бөлінген. Сырдария ауданының Н.Ілиясов ауылында стадион мен спорт кешені, Қазалы, Жаңақорған аудандарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері салынды. Басқа да жаңа нысандар халықтың игілігіне берілді.
- Спортшыларымыз жетістіктерден кенде емес. Ел чемпионаттарында биыл олар 467, Азия, Әлем чемпионаттарында 44 медаль жеңіп алды. Халықаралық дәрежедегі 10 спорт шебері, 30 спорт шебері, 293 спорт шеберіне үміткерлер дайындалып, ұлттық құрама командасына 306 спортшы енді, - деді Садық Мұстафаев.
Назерке САНИЯЗОВА