ҚЫЗЫЛОРДАДА VI ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТЕДІ
Бүгін Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Ғалым Әміреев «Baikonur Invest» VI Инвестициялық форумын ұйымдастыру және өткізу» тақырыбында журналистерге арнап баспасөз мәслихатын өткізді.
«Baikonur Invest» VI Инвестициялық форумы 14-15 желтоқсан күндері болады. Бұл жолғы форумға 300-ден астам қазақстандық және шетелдік бизнес қауымдастықтары мен қаржы институттарының өкілдері қатысады. Форумның негізгі пленарлық отырысы Сырдария өзенінің сол жағалуын игеру жұмыстарына арналмақ. Мұнан бөлек 5 секциялық отырыс өткізіледі.
Форум қатысушылары үшін дәстүрге айналған шаралар бұл жолы да ұйымдастырылатын болады. Осы шаралар арқылы олар Қорқыт ата кешені және «Байқоңыр» ғарыш айлағымен танысып, «Союз-ТМА19М» зымыранының ұшырылу сәтін көруге мүмкіндік алады. Мұнан бөлек қонақтар үшін «Қызылорда Смарт Сити» көрмесі мен инвестициялық жобалар көрмесі өткізіледі.
Қызылорда облысына инвестиция тартудың тиімді жолдарының бірі жылына екі рет өткізілетін «Байқоңыр» инвестициялық форумы екені белгілі.
- Бүгінгі күнге дейін ұйымдастырылған 5 инвестициялық форум аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына 100 млрд. теңге көлемінде қаржы тартуға мүмкіндік берді. Барлығы 64 меморандумға қол қойылып, келісім жасалды. Оның ішінде Еуропалық қайта құру және даму банкімен Қызылорда қаласының инфрақұрылым желілерін жаңғыртуға қатысты 10 келісімге қол қойылды, - деді облыс әкімінің орынбасары Ғ.Әміреев.
Форум аясында қол жеткізген үлкен жетістік - облыс орталығында шыны зауытын салуға мүмкіндік туды. «Шалқия» тау-кен металлургиялық кешенін қайта жаңғырту үшін де инвесторлар тартылып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Мұнан бөлек 300 қызылордалық түлек Ресейдің маңдайалды жоғары оқу орындарында білім алуға қол жеткізді.