БАЙҚОҢЫРДАҒЫ ПЕРЗЕНТХАНА ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРДІ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН
Байқоңырда перзентхана пайдалануға берілмек. Бұл туралы Қазақстан Президентінің Байқоңыр кешеніндегі өкілі Серік Қожаниязов Қызылордада өткен брифингте айтты. Қазақстанның қаржысына 2010 жылы салынған медициналық мекеме жайлы жаңалықтарымызда бұған дейін хабарлаған едік. 5 жылдан бері Ресей нысанды өз балансына қабылдамай келген. Енді міне перзентхананың статусы айқындалды. Ол қазақстандық мекеме болып саналады. Мұндай шешім 27 қараша күні Мәскеуде өткен екі ел арасындағы үкіметаралық отырыста қабылданған.
Серік Қожаниязов, ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнайы өкілі:
- Ресей бүгінгі жағдайларға өздерінің медмекемелерін қысқартып жатқанда, жаңадан тағы бір медмекеме аша алмаймыз, сол себепті шама келетін болса, Қазақстан тарапы өздері алсын, сол Қазақстан өздерінің медициналық нысанын ашсын деген құжатқа қол қойдық. Бірақ та бұл бүгінгі таңда келісімшарт бойынша Байқоңыр кешенінде медициналық қызметті тек қана Ресей Федерациясының медициналық ұйымдары қызмет көрсетеді деген көрсетілген. Сол себепті осы мына келісімшартқа өзгертулер енгізу тиіс.
Аталған өзгертулер енгізілген соң, перзентхана облыстық медициналық орталықтың филиалы ретінде іске қосылмақ. 240 жұмыс орны ашылып, қазақстандықтар еңбекпен қамтылады. Жаңа медициналық мекеме, Байқоңыр халқына ғана емес Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарының тұрғындарына да қызмет көрсететін болады. Нысанның құрылысына республикалық қазынадан 1 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген.
Шәрипа САҚТАПОВА,
«Астана» телеарнасы