ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ
Бүгін Қызылордада «Тарлан» дене шынықтыру және сауықтыру кешені салтанатты түрде ашылды. Оған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Бекжан Бектенов, спорт ардагерлері Серік Әбдінәбиев, Афанасий Ким, қала әкімдігінің, спорттық қауымдастықтың өкілдері, балаларға арналған спорт мектептерінің шәкірттері қатысты.
- Қызылорда облысы спорттық дәстүрімен, жетістіктерімен мақтанады. Жас ұрпақтың бойына спортқа деген махаббатты сіңіру үшін барлығын жасайды, - деді Қырымбек Көшербаев.
Кешен – Қазақстан бокс федерациясының өңірлерде спортты дамытуға арналған бағдарламасы бойынша қолға алынған үшінші жоба. Бағдарлама федерация президенті Т.Құлыбаевтың тапсырмасымен жүзеге асуда. Нысанның жалпы сметалық құны – 431 млн. теңге, аумағы – 0,63 гектар. Бас мердігері - «BaiProxima» ЖШС.
Мұндай орындар әзірге Семей, Түркістан және Қызылорда қалаларында ғана бар. Ал Шуда құрылыс басталды. Бір жылдан астам уақытта Қазақстан бокс федерациясының қаржысына салынған ғимаратта тәжірибелі бапкерлердің жетекшілігімен бокс, күрес, дзюдо, таэквондо, ауыр атлетика бөлімшелері жұмыс істейді.
Сыр жастарының спортқа құлшынысы жыл өткен сайын артып келеді. Биікті бағындырып үлгергендері аз емес. Олардың қатарында Марина Вольнова, Рустам Сваев, Қамшыбек Қоңқабаевтар бар.
Облыс әкімі аймақ спортшыларын жаңа нысанның қолданысқа берілуімен құттықтап, оларға толайым табыс тіледі.
Назерке САНИЯЗОВА