ҚЫЗЫЛОРДАДА БІРНЕШЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында Қызылорда қаласының «Арай-2» шағын ауданында көпқабатты тұрғын үйлер пайдалануға берілді. Тұрғындарға пәтер кілттерін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев табыстады.
«Арай-2» ауданында жалпы ауданы 17,2 мың шаршы метрді құрайтын 280 пәтерлі 5 көпқабатты тұрғын үй құрылысы «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ арқылы басталған болатын. Аталған тұрғын үйлер биыл пайдалануға берілмек.
Сондай-ақ бүгін М.Әуезов көшесінің бойынан «МИК» ЖШС-нің қаржысы арқылы салынған 24 пәтерлі «Маржан» көпқабатты баспана мен мемлекеттік және жекеменшік әріптестік шеңберінде Желтоқсан көшесінде салынған көпқабатты үй пайдалануға берілді.
Желтоқсан көшесінің бойындағы пәтерлер «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ арқылы салынды. Жалпы ауданы 6,5 мың шаршы метрді құрайды. 102 пәтерлі үйдің құрылыс жұмыстарының құны 1,1 млрд. теңгені құрады.
Шынар БЕКБАН