«СПМК-70» ШАҒЫН АУДАНЫНДА – ҚОНЫС ТОЙЫ
Бүгін Қызылордада бірнеше тұрғын үй пайдалануға берілді. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев алдымен өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында «СПМК-70» шағын ауданында салынған пәтерлердің кілттерін иелеріне табыстады.
Сонан соң облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілбек Шаухаманов лебізін білдіріп, батасын берді. Айта кету керек, бұл ауданда «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ арқылы жалпы ауданы 43,3 мың шаршы метрді құрайтын, 640 пәтерлі 12 көпқабатты тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Бүгін солардың 7-еуінде немесе 370 пәтерде (24,9 мың шаршы метр) қоныс тойы тойланды. Қалған 5-еуі (270 пәтер, 18,4 мың шаршы метр) 2016 жылы пайдалануға беру жоспарлануда.
Шынар БЕКБАН