ҚЫЗЫЛОРДАДА «СТЕПЬ» СУ СКВАЖИНАСЫ АШЫЛДЫ
Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне орай бүгін Қызылорда қаласының бас су тоғанында жалпы құны 2 млрд. 146 млн. теңгені құрайтын жаңа «Степь» скважинаның ашылу рәсімі өтті. Шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысты.
Қазіргі таңда қала тұрғындарының ауызсуға қажеттілігі 52 мың текше метр болса, нақты беріліп отырған ауызсудың көлемі – 39 мың текше метр. Осылайша қала халқының 78,2 пайызы таза тіршілік нәрімен қамтамасыз етілуде. Аймақ басшысы скважина арқылы берілетін судың сапасы алматылықтар тұтынып отырған тіршілік нәрінің сапасынан екі есе жақсы екенін атап өтті. Жақсы жаңалыққа қуанған тұрғындардың атынан ҚР-ның еңбек сіңірген дәрігері, ардагері Тұрғанбай Маханов сөз сөйлеп, ізгі лебізін жеткізді.
Жоспарланған нысандар пайдалануға берілген соң халыққа берілетін ауызсу көлемі 39 текше метрден 58,2 текше метрге артып, қала халқы 100 пайыз ауызсумен толық қамтылады.
Назерке САНИЯЗОВА