ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ТЖД-ДЕ «ЫРЫСТЫ ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН МӘҢГІЛІК ЕЛ» АТТЫ БАСҚОСУ ӨТТІ
Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын облыс көлемінде атап өту мақсатында Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінде «Ырысты ынтымағы жарасқан Мәңгілік Ел» атты басқосу өткізілді. Басқосуға Қызылорда Локомотив пайдалану депосының машинист көмекшісі Геннадий Шиповских, Департаменттің Мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің бас маманы Татьяна Жигманова, кадр жұмысы бөлімінің бастығы Вероника Цой, төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің аға инженері Евгений Ким, «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ Күрделі құрылыс және жабдықтау бөлімінің инженері Владимир Ситников, Департамент пен «ӨСжАҚЖҚ» ММ басқа да қызметкерлері қатысты.
Сонымен бірге Елбасымыздың Мәңгілік Ел идеясын қолдай отырып, ұлты - өзге болса да, мемлекеттік тілді жетік меңгеріп, аймағымызды республикаға танытып жүрген еліміздің патриоты Шиповских Геннадий сөз сөйлеп, Облыс әкімі Қырымбек Елеуұлының қолынан марапат алғаны, Елбасымен жүздесіп қайтқаны туралы, қазақ тілін жетік меңгере білу қыр-сыры жайлы әңгімелеп берді.
Басқосуға қатысушылардың бір қатары сөз сөйлеп, еліміздегі бейбітшілік пен бірліктің маңызы, құтты мекенге тұрақтылықтың тамырын жайғызатын, бірлікке сызат түсірмеуді көздейтін Қазақстан халқы Ассамблеясының ролі жайында өз ойларын білдіріп, Елбасымыздың Мәңгілік Ел идеясын қолдайтынын білдірді. Басқосуда ҚР Мемлекеттік Гимні ойналып, Департамент қызметкерлері ән айтты.
Қызылорда облысы ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы