Н.НАЗАРБАЕВ: БҮГІНГІ АХУАЛ - БІЗДІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІМІЗДІ СЫНҒА САЛЫП, ЕЛДІГІМІЗДІ ШЫҢДАЙ ТҮСЕТІН КЕЗ
Бүгінгі ахуал - біздің жетістіктерімізді сынға салып, елдігімізді шыңдай түсетін кез. Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік Сарайында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында осылай мәлімдеді.
«Санаулы күндерден кейін біз азаттық туын желбіреткен, Тәуелсіз мемлекет атанғанымызға 25 жылдығына аяқ басатын боламыз. Бұл - Тәуелсіздігімізді нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық бейнесін қорытындылайтын мерейлі сәт. Тәуелсіздікті баянды ету, оған қол жеткізуден де қиын екенін осы жылдар ішінде біз көріп білдік. Мемлекетіміздің тұғырын мызғымастай ету үшін бізге әлі талай өткелі күрделі, өтпелі көп, бұралаң жолдардан өтуге тура келеді», - деді бүгін Жолдауын жариялауды бастаған Елбасы Н.Назарбаев.
Бұл ретте Елбасы заманның күрделі кезеңдері де орын алып отырғанын, аса күрделі кезеңге аяқ басқанымызды, жаңа қатерлер мен тың мүмкіндіктермен қатар өрбіген жаһандық ахуал көз алдымызда өзгеріп жатқанын атап өтті. «Алпауыт елдердің теке-тіресі мен өзара санкцияларының алмасуы дүниені тығырыққа қарай бастауда. Біздің басты экспорттық өнімдеріміздің дүниежүзілік нарықтағы бағасы еселеп құлдырағанын да көріп отырмыз. Бүгінгі ахуал - біздің жетістіктерімізді сынға салып, елдігімізді шыңдай түсетін кез», - деді Н.Назарбаев.