ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙ ҒАРЫШТЫҚ САЛАДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ТЕРЕҢДЕТУГЕ МҮДДЕЛІ
Мәскеуде «Байқоңыр» кешені бойынша Қазақстан-Ресей Үкіметаралық комиссиясының 3-ші отырысы өтті, деп жазады primeminister.kz.
Отырысқа қазақстандық тараптан ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев, ресейлік тараптан РФ Үкіметі Төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозин қатысты.
Комиссия мүшелері «Байқоңыр» кешені қызметінің өзекті мәселелерін және ортақ жобаларды жүзеге асыру, атап айтқанда «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру барысын қарады.
Отырыста Байқоңыр қаласының, Төретам ауылының және Ақай ауылдық округінің инфрақұрылымын дамыту, қосарлы салық салуды алып тастау, кешеннің нысандары мен мүліктерінің сақталуы мәселелерін қоса алғанда, «Байқоңыр» кешенін бірлесіп пайдалану жөніндегі Жол картасының орындалу барысы тыңдалды.
Бұдан өзге, «Байқоңыр» кешенінің туристік әлеуетін дамыту мәселесі қаралды. Қазақстандық тарап қонақ үйлерді, зымыран-тасығыштардың ұшуын қарауға арналған сынақ алаңдарын және басқа да нысандарды салуды қарастыра отырып, кешеннің инфрақұрылымын дамыту жөніндегі Бағдарламаны әзірлеу және жүзеге асыру бойынша жұмысты жандандыру қажет деп есептейді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Ресей ғарыштық саладағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге ниетті екендерін баса айтты.