А.АЙЫМБЕТОВТІҢ ҒАРЫШҚА ҰШЫРЫЛУЫНА КЕТКЕН ШЫҒЫН 2015 ЖЫЛҒЫ БЮДЖЕТТЕН ӨТЕЛМЕК
Қазақстан Айдын Айымбетовтің ғарышқа ұшырылуына кеткен шығынды 2015 жылғы бюджеттен өтемек. Бұл туралы бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары Мейірбек Молдабеков мәлім етті.
«Айдын Айымбетовтің ұшырылу ақысы мәселесі шешімін тапты. Ол ағымдағы жылдың бюджеті есебінен төленеді. Мәскеуде бүгін оның ұшырылуына қатысты ақыны биылғы жылдың бюджеті есебінен төлеу жөніндегі шешім рәсімделіп, қол қойылады», - деді ол бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша, бүгін Ресей астанасында Қазақстан мен Ресей үкіметаралық комиссиясының отырысы өтіп жатыр. Ол отырыста ғарыш саласындағы екі ел арасындағы жобалар да талқылануда.
«Бәйтерек» ғарыш кешеніне қатысты, Қазақстан мен Ресей тараптарының аталмыш жобадағы үлестері анықталуда. Қазіргі уақытта Мәскеуде үкіметаралық комиссияның отырысы өтуде. Сондықтан осы мәселеге қатысты қандай шешім шығарылатынын біз ертең білетін боламыз», - деп атап өтті М.Молдабеков.