ІІД БАСТЫҒЫ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
24-26 қараша күндері аралығында Қызылорда ОІІД Әкімшілік полиция басқармасы мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы және олардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету» тақырыбында интернет-конференциясын өткізді.
Өткізілген интернет-конференцияның негізгі мақсаты кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы, сондай-ақ олардың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады. Конференция барысында білім беру мекемелерінің оқушылары мен студенттерінің көкейінде жүрген сауалдарға облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Шаймағамбетов Әмірбек Бердібекұлы жауап берді.
Интернет-конференцияның алғашқы күні түрлі құқықтық, әлеуметтік сұрақтармен 4, екінші және үшінші күні облыстың 10 тұрғыны желіге шығып, өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына толыққанды жауаптар алды.
Қызылорда ОІІД-нің баспасөз қызметі