15 ЖЕЛТОҚСАНДА БАЙҚОҢЫРДАН «СОЮЗ ТМА-19М» ҰШЫРЫЛАДЫ
Кеше «Ресейғарыш» Федералдық ғарыш агенттігінің алқасы мен Мемлекеттік комиссияның бірлескен отырысы өтті.
Агенттіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, отырыс қорытындысымен «Энергия «РҒК» ААҚ-ның 2015 жылғы 15 желтоқсанда «Союз ТМА-19М» көліктік басқарылатын ғарыш акемесін ұшыру туралы ұсынысы Бас конструкторлар кеңесінде мақұлданып, бекіту туралы шешім қабылданды.