ТАУ-КЕН САЛАСЫНДА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ҚЫСҚАРТЫЛМАЙДЫ
Қызылорда облысында жаңа тау-кен байыту фабрикасы салынады. Онда 2018 жылы 2 млн тонна, ал 2021 жылы 4 млн тонна мырыш өндіру жоспарда. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде «Тау-кен Самұрық» компаниясының төрағасы Мәжит Тұрмағамбетов осылай деді. Жаңа кәсіпорын 3 жылдан кейін іске қосылмақ. Сонда бір жарым мың адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік болады. Ал кеніштен алынған қазба байлығы финляндиялық технологиялардың көмегімен тазартылады. Бұл өңірдің экологиясына залалын тигізбейтіндігін айғақтайды. Бұдан бөлек баспасөз мәслихатында айтылғандай, тау-кен саласында жұмыс орындарын қысқарту көзделіп отырған жоқ.