ЕХРО 2017: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БЮРО ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫН ЖОҒАРЫ БАҒАЛАДЫ
Парижде халықаралық көрме бюросы Қазақстанның 2017 жылы өтетін көрмеге дайындығын жоғары бағалады. Ұлттық компанияның басқарма төрағасы Ахметжан Есімов құрылыс жұмыстарының жоспарға сай әрі дайындық өз ретімен жүріп жатқанын жеткізді. Астанадағы халықаралық шараға 5 миллионға жуық шетелдік қонақ келеді деп жоспарланған. Бұл ретте Миландағы ЭКСПО көрмесімен тәжірибе алмасу да жолға қойылған. Сондай-ақ Ахметжан Есімов қауіпсіздік пен келушілерге арналған арнайы жеңілдік жағы да қарастырылғанын жеткізді.
- Осы жиналыста біз өзіміздің Астанада 2017 жылы өтетін көрменің жұмыстарын толық баяндап бердік. Біздің баяндама жақсы қабылданды. Елбасы айтқандай, барлығы қазір жоспар бойынша жүріп келеді, - деді «ЭКСПО-2017» ҰҚ» басқарма төрағасы Ахметжан Есімов.
Халықаралық көрме бюросының бас ассамблеясында ЭКСПО комиссары Рәпіл Жошыбаев баяндама жасады. Оның айтуынша, бүгінде Астанадағы көрмеге 54 мемлекет қатысуға ниет білдіріп, 15-і тиісті құжатқа қол қойған.