ЕЛБАСЫ 30 ҚАРАША КҮНІ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫН ЖАРИЯЛАЙДЫ
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 30 қараша күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Д. Абаев хабарлады.
«Біз Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы 30 қарашада болатынын растаймыз. Сонымен бірге біз бірнеше республикалық телеарналарда тікелей эфир ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз.
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Назарбаевтің өзі айтқандай, Жолдау әлемдік дағдарыс жағдайында елдің қолданатын іс-әрекетіне арналады. Қазірдің өзінде Жолдау әркімнің жүрегінен жол табатынына сенімдімін», - деді Д. Абаев Ақорданың Фейсбуктегі ресми парақшасында.
«ҚазАқпарат»