ҚЫЗЫЛОРДАДА МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАСТАРДЫҢ КЛУБЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ
Қызылордада «Мүмкіндігі шектеулі жастардың клуб қызметін ұйымдастыру» жобасы жүзеге асырылмақ. Бұл туралы бүгін «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы ОКО-ның брифингінде «Өркениетті Қазақстан» қоғамдық бірлестігінің басқарма президенті Ж.Шаймұханбетұлы мәлімдеді.
Жоба облыс тұрғындарының, соның ішінде әлжуаз топтар өкілдерінің әл-ауқаты мен өмір сапасын жақсарту мақсатында Қызылорда қаласы әкімдігінің қолдауымен БҰҰ Даму бағдарламасы және «Өркениетті Қазақстан» ұйымы арасындағы келісім негізінде қолға алынып отыр.
- Ерікті жастардың көмегімен жүргізілген талдау нәтижесіне қарай мүмкіндігі шектеулі жастарға қажетті курстар бағытын анықтадық. Оған құқықтық оқыту, психологиялық тренингтер өткізу, компьютерлік бағдарламалармен жұмыс жасауды үйрету, мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін түсіндіру қамтылады, - деді Ж.Шаймұханбетұлы.
Брифингте Қызылорда облысы бойынша БҰҰДБ бірлескен бағдарламасының консультанты Қ.Зертүймеев, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Қ.Құрақбаева жобаның өзектілігіне тоқаталды.
Назерке САНИЯЗОВА