LI-FI ТЕХНОЛОГИЯСЫ WI-FI-ДАН 100 ЕСЕ ЖЫЛДАМ БОЛАДЫ
Li-Fi технологиясы жылдамдық жағынан бүгінгі Wi-Fi-дан асып түсетін болады. Ғалымдар 4 жыл уақытын жұмсаған жаңа технология - бүгінгі ғаламтор желісін таратқыш Wi-Fi-дың баламасы, деп жазады Mashable.
Li-Fi ақпаратты LED-жарықты диодтар көмегімен таратады. Олар наносекундтар деңгейінде жанып тұрып, жұмыс істейді. 2011 жылы ғалымдар лай-файды сынаған кезде ең жоғарғы жылдамдық - секундына 224 Гб-ке қол жеткізген еді. Бірақ үй ішінде пайдаланған кезде ол ықшам құралдар арқылы бұл көрсеткішті секундына 1 Гб-қа дейін азайтты. Сондай-ақ Wi-Fi-мен салыстырғанда, Li-Fi ақпаратты қабырға арқылы өткізіп тарата алмайды. Десек те, осының арқасында өзгенің ғаламтор желісін бұзып кіру мүмкін болмайды.