ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ АУМАҒЫНДА ЖЕЛ КҮШЕЙІП, КӨКТАЙҒАҚ БОЛАДЫ
Атмосфералық ағымдардың өтуінен еліміздің батысында, солтүстік-батысы мен солтүстігінде күн жауын-шашынды, тұман түседі, жел күшейеді, көктайғақ болады. Республиканың қалған аумағында күн ашық болады, деп хабарлайды BNews.kz.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, бұрқасындатады, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтілуде.
Қостанай, күндіз Павлодар өңірлерінде желдің жылдамдығы 15-22 м/с-ке дейін барады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады.
Алматы облысында түнде және таңертең тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында 18-23 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Шығыс Қазақстан өңірінде де жел күшейіп, түнде тұман түседі деп болжануда.
Маңғыстау облысында тұман түседі, түнде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарындаа тұман түседі, көктайғақ болады.
Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында кей бөліктерде тұман түседі.
Бұған қоса, алдағы тәуліктерде республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстарының өзендерінде мұз қатады.