БИЗНЕС-ИДЕЯЛАР МАРАФОНЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ
Қызылордада 21 жастағы бастауыш кәсіпкер Батыржан Эсоновтың «Мобильді шиномонтаж» жобасы «Бизнес-идеялар Марафоны» конкурсының жеңімпазы атанды.
Конкурс қазан айында «Даму» қоры тарапынан жүзеге аса бастаған жастардың старт-ап жобаларын қолдау Бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Қазылар алқасының алдында 10 қатысушы жобаларын қорғады. Қазылар алқасы стартапперлердің жобаларын келесі критериялар бойынша бағалады:жобаның жүзеге асу барысы, практикалық нәтижелер мен жобаның тиімділігі. Қатысушылар арнайы бизнес-тренерлерден оқыту семинарында үйренген білімдерін бизнес-жоспарды құрастыру барысында қолдана алды. Ең үздік атанғандар Батыржан Эсоновтың – «Мобильді шиномонтаж» жобасы, Ляззат Төлегенованың - «Кондитерлік өнімдер шығару» мен Ахметханова Найляның ұсынған –«Пэт-тараларды жинау мен қайта өңдеу» жобалары. Бірінші орынды иеленген Батыржан Эсоновқа 150мың теңгенің сертификаты табысталды.
Батыржан Эсоновтың сөзінше, оның жобасы аймақта әлі ашылмаған әрі инновациялық болып табылады. Аталған идеяны ашу туралы ой жас кәсіпкерге Алматы қаласында жастар ашқан осы кәсіп туралы телехабарды естігенде келген.
- Қазақстанға жылжымалы инженерлік кешен кәсібі Еуропадан келген. Идеямның ерекшелігі арнайы тасымалдауға ыңғайлы құрылғы кез келген автотұраққа жеткізіліп қызмет көрсетеді және сапасы одан кемімейді. Қазіргі таңда жылдымалы шиномонтаж қызметі еліміздің басқа аймақтарында кең таралуда, сондықтан да менде өңірімізде осы бизнесті ашуды қолға алдым. Даму қорының оқыту жобасына қатыса отырып, бизнес-жоспарды өзім жасауды үйрендім және оқудан алған білімім алдағы уақытта несие алып кәсіп жүргізуіме де өз пайдасын келтіретініне сенемін. Бүгін өзім жеңімпаз атанамын деп ойламасам да мен үшін арнайы диплом мен ақшалай ұтыс ерекше қуаныш сыйлады, - дейді Батыржан Эсонов.
Ендігі жерде жеңімпаздардың алдында жобаларын жүзеге асыру мақсаты тұр. Ең үздік бизнес-тренерлер, «Даму» қорының кеңесшілері және табысты кәсіпкерлер тарапынан конкурсанттардың жобаларын жүзеге асқанша қолдау білдіретін болады. «Даму» қоры өз тарапынан старт-апперлерге екінші деңгейлі банктен несие нәсімдеуге 85% кепілдендуді қолдайды.