2016 ЖЫЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 28%-ҒА КӨБЕЙЕДІ
2016 жылы 1 қаңтардан бастап барлық мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің жалақысы 28 пайызға жоғарлатылады. Бұл туралы zakon.kz порталындағы «Министрге сауал қою» акциясы барысында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті.
«Мемлекет басшысының 20 тамыз күні Үкіметке берген тапсырмасы бойынша 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық азаматтық қызметкерлердің жалақы жүйесі толығымен өзгертіледі. 2016 жылы 1 қаңтардан бастап барлық мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысы 28 пайызға жоғарлатылады. Соның ішінде медицина қызметкерлері де бар», - деп атап өтті министр.
«ҚазАқпарат»
«ҚазАқпарат»