БІРҚАТАР ӨҢІРДЕ ЖЕЛ КҮШЕЙІП, БҰРҚАСЫНДАТАДЫ
25 қарашада республиканың көптеген бөліктерінде фронтальды ауа бөліктерінің өтуіне байланысты жауын-шашын сақталады, бұрқасындатып, тұман түседі, көктайғақ болып, жел күшейеді, - деп хабарлады «ҚазАқпарат».
Елдің оңтүстік-батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Шығыс Қазақстан, Ақмола, күндіз Маңғыстау, түнде Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында жел 15-22 м/с дейін күшейіп, бұрқасын, көктайғақ болады, тұман түседі. Алматы облысында түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіліп, Жалаңашкөл аймағында екпіні 18-23 м/с жел соғады. Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.