ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫСЫ «ҚҰЛАН АСТАНА» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ ҰЙЫМДАСТЫРҒАН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ
ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова «Құлан Астана» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған қайырымдылық іс-шарасына қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Іс-шараға Сыртқы істер вице-министрі А.Волков, Қазақстанның Штутгарттағы құрметті консулы Д.Халлер-Лайбле, Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Аманшаев, «Құлан Астана» ҚБ басқармасының төрайымы Л.Махат, мәдениет мекемелерінің өкілдері қатысты.
Іс-шараның ашылуында сөйлеген Мемлекеттік хатшы Қазақстан Президенті ұсынған Ұлт жоспарын іске асыру аясында қазақстандық біртектілік пен бірлікті, қайырымдылықтың рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайтуға және дамытуға бағытталған «Қайырымдылық туралы» заң қабылданғанын атап көрсетті. Мемлекеттік хатшы қайырымдылықтың қоғамдағы рухани-адамгершілік мәдениеттің даму деңгейі көрсеткіштерінің бірі болып саналатынына назар аударып, іс-шараның Қазақстан мен Германия арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту бағытындағы маңыздылығын айтты.
Іс-шара барысында 2005 жылдан бері Баден-Вюртемберг федералды жерінде еліміздің мүдделеріне өкілдік етіп жүрген Қазақстанның Штутгардтағы құрметті консулы Д.Халлер-Лайбле ерекше қамқорлыққа мұқтаж балалардың бейнелеу өнері студиясына қайырымдылық көмек (5 мың евро көлеміндегі ақшалай сертификат) берді.
Г.Әбдіқалықова «Құланшы» қазіргі заманғы өнер орталығын аралау барысында ерекше қамқорлыққа мұқтаж балаларға арналған бейнелеу өнері студиясында шұғылданатын жеткіншектердің өнер туындылары көрмесімен танысты.
Қазақстанның белгілі суретшісі Л.Махаттың 2009 жылдан бері іске асырып келе жатқан қайырымдылық жобасының мақсаты ерекше қамқорлыққа мұқтаж балалар шығармашылығына қолдау көрсету және дамыту, олардың әлеуметтік бейімделуіне, өскелең ұрпақтың рухани-патриоттық бағытта тәрбиеленуіне көмектесу болып табылады.