ШЕТЕЛДЕН КӨЛІК ӘКЕЛУДІҢ ЖАҢА ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қаңтардан бастап өзге елден көлік әкелетіндер Көлік құралы құрылымының қауіпсіздігі туралы куәлігін алуға міндеттелді. Ал бұл ережеге бағынбағандар темір тұлпарларын тіркей алмай, әлек болады, - деп хабарлады 24.kz.
Қазақстан стандарттау және сертификаттау институтының маманы Ербол Сейпілевтің айтуынша, көлік алғысы келген жеке немесе заңды тұлға kazinst.kz сайтына кіріп, ережемен таныса алады. Көрші елдерден көлік жеткізгендер бірінші сынақ зертханасына барады. Онда темір тұлпардың қауіпсіздігі, жүруге жарамдылығы, стандартқа сайлығы сараланады. Сыннан сүрінбей өткендерге ғана Көлік құралы құрылымының қауіпсіздігі туралы куәлік беріледі.
Осы құжатты алғаннан кейін жол полиция басқармасына апарып, тіркеуге қояды. Қазақстанда қазіргі уақытта арнайы мамандандырылған 35 зертхана жұмыс істеп тұр.
Айдар Дәулетбаев, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» сәйкестікті бағалау
басқармасы басшысының орынбасары:
- Зертханаға өтініш, көліктің техникалық паспорты, сатып алу туралы келісімшарт, экологиялық стандартқа сәйкестігін растайтын құжат тапсыру керек. Осыдан кейін зерттеу жүргізіледі. Куәлік бір күннің ішінде беріледі. Ал қызмет құны – шамамен 15 мың теңге.