ҚР-ДА ИНВЕСТОРЛАР ҮШІН «БІР ТЕРЕЗЕ» ҚАҒИДАСЫ 2016 ЖЫЛЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Қазақстанда инвесторлар үшін «бір терезе» қағидасы келесі жылдан бастап күшіне енеді, деп мәлімдеді бүгін ҚР инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев Үкіметтің селекторлық отырысында, деп жазады primeminister.kz.
«2016 жылдан бастап инвесторлар үшін «бір терезе» қағидасы жұмыс жасай бастайды. Инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қажетті барлық рұқсат құжаттары «бір терезеде» беріледі. Бұл 363 мемлекеттік қызмет, олар лицензия, жерге рұқсат беру, шетелдік жұмыс күшін тарту және анықтамалар», - деді ИДМ басшысы.
Оның айтуынша, әр өңірде «инвесторларды әуежайдан бастап жобаларды жүзеге асырғанға дейін сүйемелдеу» қағидасы бойынша инвестициялық ахуал қалыптастыру қажет. Барлық жобаларға тұрақты мониторинг жүргізу керек, деп атап өтті ол.
«Президенттің тапсырмасын ескере отырып, біз ҚР Сыртқы істер министрлігімен бірге инвесторларды тарту бойынша жұмысты жандандыруға қатысты ұсыныстар әзірлеп жатырмыз. ҚР Премьер-Министрі жанында халықаралық кеңесшілердің және халықаралық ірі банктердің қатысуымен инвестициялық кеңес құрылуда. Олар ірі жобалар бойынша шешім қабылдайды және әлем бойынша өз өкілдіктерінің кең желісі арқылы трансұлттық компанияларды тартуға көмектеседі», - деп мәлімдеді Ә.Исекешев.