ҚЫРКҮЙЕК АЙЫНЫҢ СОҢЫНДА «БАЙҚОҢЫРДАН» ЕКІ ЗЫМЫРАН ҰШЫРЫЛАДЫ
Бүгінгі күні «Байқоңыр» ғарыш айлағында ғарыштық ұшырылымдарға қызу дайындық жұмысы жүріп жатыр. Жоспар бойынша 25 қыркүйекте халықаралық ғарыш станциясына кезекті ұзақ мерзімді экспедициямен «Союз ТМА-14М» көлік кораблі жолға шығады.
Негізгі және қосалқы экипаж жұлдызды қалашықта жаттығуларын аяқтап, енді ұшуға дайындалуда. Сондай-ақ ғарыш айлағында ресейлік «Протон-М» зымыран тасығышын «Луч» ғарыш аппаратымен бірге ұшыруға әзірлік жүргізілуде. Ғарыштық маңыздағы «Протон-М» зымыранының жылдамдықты арттыратын «Бриз-М» блогымен және хабар тарататын «Луч» жерсерігімен бірге алып ұшуы 28 қыркүйекке жоспарланған. Оларды академик М.Ф.Решетнев атындағы «Ақпараттық жерсеріктік жүйелер» ААҚ жасап шығарған.
«Бұл биыл «Протон» зымыран тасығышының бесінші ұшырылымы болмақ», - деп хабарлайды «Роскосмостың» баспасөз қызметі.