ЖАҢА КӨЛІКТЕРДІҢ БАҒАСЫ ТАҒЫ ҚЫМБАТТАУЫ МҮМКІН
Келер жылы көлік бағасы қымбаттауы мүмкін. Қазақстан 95 пайыз импорттық тәуелділіктен арылмай бұл құбылыстан құтылмайды. Сондықтан автоөндірушілер одақ құрып, салаға бірігіп инвестиция тартпақ.
Ерік Сағымбаев,
«Азия Авто» АҚ президенті:
- Автоөндірушілерден өзге де кәсіпорындар өндіріске керекті сырттан алып, валюталық режимде жұмыс істейтіні белгілі. Сондықтан курс бағамының құбылуы машина бағасына әсер етпей қоймайды. Бағаның өзгеруі саланы реттейтін мемлекеттің саясатына да тәуелді.
Мемлекеттің араласуын күтіп отырған тағы бір түйткілді мәселе бар. Ол – Ресейдің автокөлікке енгізген міндетті утилизациялық салымы.
Дәулет Бақберген,
«Қазавтопром» Қазақстан автомобиль саласындағы кәсіпорындар одағы»
директорлар кеңесінің төрағасы:
- Ресей автомобиль өндірушілер мен импортерлерге жаппай утилизациялық салым енгізді. Алайда, ресейлік машина жасаушылар ол салым үшін мемлекеттен өтемақы алып, шығындарын жабады. Өкінішке орай, Қазақстан Ресеймен бір экономикалық одақта бола тұра, үшінші мемлекеттермен тең жағдайда. Үкіметтің араласса, қандай да бір жеңілдік аламыз деген үміттеміз. Олай болса, одақ нарқына шығуға мүмкіндік туар еді.
Қазақстан алдағы уақытта жылына 190 мың көлік жасап, оның бөлшектерінің 50 пайызын өзімізден шығармақ. Осылайша импорттық тәуелділіктен арылу мақсаты тұр. Мәселен, көрші отырған Өзбекстан машинаның тек 1 пайызын сырттан тасыса, Қытайда бұл көрсеткіш - 6, Ресейде - 25, ал бізде 95 пайыз. Оның бір шешімі ретінде отандық көліктерді арзан пайызбен несиелендіріліп жатыр. Қазір қайтарылған ақшамен жаңа көліктердің қаржыландыру басталған.
Мөлдір Сауытбекова,
«Қазақстан Даму банкі» АҚ департамент директоры:
- Жаңа көлік алғысы келетіндер бұрын берілген несиелерден қайтып жатқан ақшаға көлік ала алады. Яғни лимит бітті, ақша жоқ деп айтуға болмайды. Ақша бар. Мамыр-маусым айларында көлік алғандар бүгінде қарыздарын қайтарып жатыр. Солардан қайтқан ақшаға жаңа несиелер беріле бастады. Айына кемі 50-80 көлік рәсімделіп жатыр сол ақшаға.
Мамандар Қазақстанның өз алдына төл марка шығару перспективасына да тоқталды. Олар бұл идея тіпті жоспар емес, арман екенін айтып, болашақта елде өндірілетін сол 190 мың көліктің 30 пайызын экспорттасақ – жетістік дейді.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ,
«Астана» телеарнасы