КҮН КҮРТ ЖЫЛЫНАДЫ
Таяу күндері елімізде ауа температурасы айтарлықтай көтеріледі, - деп хабарлайды "Қазгидромет" кәсіпорны. Синоптиктер 24-26 қарашаға арналған ауа райы болжамын жария етті.
Синоптиктердің мәліметінше, тропосферада орналасқан ауа массасының батыстан-шығысқа қарай көшуі Қазақстанның солтүстік бөлігінде температураның анағұрлым көтерілуіне әкеп соқты. Егер өткен аптада температура нормадан 8-13 градусқа төмен және түнде 30 градус аяз болса, алдағы үш күнде Атлантика аудандарынан ауысатын жылы ауа массаларының әсерінен республиканың барлық аумағында температура климаттық нормадан 3-10 градусқа жоғары болады.
"Сонымен қатар, көптеген облыста бұлтты ауа райы күтіледі, кей жерлерде жаңбыр мен қар жауады, тұман түсіп, көктайғақ күтіледі. Тек оңтүстікте және оңтүстік-шығыста Сібір антициклоны тау сілемдерінің әсерінен жауын-шашын күтілмейді, түнгі және таңғы уақытта тұман болады", - деп хабарлады метеорологтар.
Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер қараша айында ауа райының қандай болатынын айтты. Болжам бойынша, күздің соңғы айы қарашада ауа райы жауын-шашынды болады, жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ күтіледі.