ХҚКО-НЫҢ ҮЗДІК ІС ЖҮРГІЗУШІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
Қызылордада халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің арасында облыстық «Үздік іс жүргізуші» байқауы өтті.
- Байқаудың басты мақсаты – қызметкерлердің іс қағаздарын жүргізудегі біліктілігі мен тәжірибесін жетілдіру, халыққа қызмет көрсету орталықтарында мемлекеттік тілде іс жүргізу сапасын арттыру, тіл мәдениетін қалыптастыру, мемлекеттік тіл саясатын насихаттау. Осындай байқаулар арқылы қызметкерлер өздерінің білімдерін шыңдайды және бір-бірімен тәжірибе алмасады, - деді филиал директорының орынбасары А.Тобаева.
Байқау барысында қалалық және аудандық бөлімдерден қатысқан 10 үміткер өздерін таныстырып, «Халыққа қызмет көрсету саласында мемлекеттік тілде іс жүргізудің тиімді әдістері» тақырыбындағы ғылыми жобасын қорғады және заңнамалар бойынша сұрақтарға жауап берді.
3 кезеңнің қорытындысымен бас жүлдені Байқоңыр қалалық бөлімінің инспекторы Л.Әбуова иеленсе, І орын Қармақшы аудандық бөлімінің инспекторы Т.Жүргеновке, ІІ орын Қызылорда қаласының № 2 бөлім инспекторы Л.Жәлімбетоваға, ІІІ орын Қызылорда қаласының № 3 бөлім инспекторы М.Ордабаеваға бұйырды. Байқау жеңімпаздарына дипломдар мен сыйлықтар табысталды.
Ал байқаудың қалған қатысушылары белсенді қатысқаны үшін дипломмен марапатталды.