ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ӨҢІР ӘКІМДЕРІНЕ ИНДУСТРИАЛДЫҚ ЖОБАЛАРҒА РЕВИЗИЯ ЖҮРГІЗУДІ ТАПСЫРДЫ
ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов өңір әкімдеріне ИИД мемлекеттік бағдарламасының екінші бес жылдығы аясында іске асырылып жатқан индустриалдық жобаларға ревизия жүргізуді тапсырды. Бұндай тапсырманы ол бүгін Үкімет отырысында жүктеді, - деп хабарлады «ҚазАқпарат».
Осының алдында К. Мәсімов ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешевке 2016 жылдың 1 наурызына дейін бағдарламаны жетілдіру тұрғысында келісілген жобасын Үкіметке енгізуді тапсырды.
Айта кетейік, Үкімет отырысы өңірлердің қосылуымен селекторлық режімде өтіп жатыр. Оның барысында Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру шаралары қаралуда.
Айта кетейік, Үкімет отырысы өңірлердің қосылуымен селекторлық режімде өтіп жатыр. Оның барысында Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру шаралары қаралуда.