ҰЛТТЫҚ ҚОРДАН «НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҮШІН БӨЛІНГЕН ҚАРАЖАТТЫҢ 68 ПАЙЫЗЫ ИГЕРІЛДІ - Е. ДОСАЕВ
2015 жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін қайта бөлуді есепке ала отырып, Ұлттық Қордан 770 млрд. теңге қарастырылған.
Соның ішінде ағымдағы жылдың 1 қарашасы жағдайы бойынша 523,7 млрд.теңге немесе жылдық жоспардан 68 пайызы игерілді. Бүгін Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің жетекшілігімен өтіп жатқан Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев осылай мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, бюджеттік инвестициялық жобаларға және «Самұрық Қазына» АҚ-нің капиталдандыруына бағытталған 492 млрд. теңге көлеміндегі республикалық бюджеттің нысаналы трансферттерінен 348,9 млрд. теңге немесе 71 пайызы игерілген. Ал 277 млрд. теңге көлеміндегі «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-нің облигациялық қарыздарынан 174,8 млрд.тенге (63 пайызы) игерілген.«Бағдарламаның «Көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту» бағыты бойынша 15 жоба жүзеге асуда, оның автокөлік жолдары саласында - 11 жоба, темір жол саласында - 2, су және әуе жолдары көлігінде - 2 жоба жүзеге асуда. Шұғыла принципі бойынша «Нұрлы Жол-Оңтүстік", «Нұрлы Жол-Шығыс», «Нұрлы Жол-Батыс» және республикалық маңызы бар жолдардың басқа да бағыты бойынша 178 млрд. теңге бөлінсе, 1 қарашада игерілгені 138 млрд.теңге (78%). 390 шақырым жол жаңғыртылып, салынды. Инвестициялар және даму министрлігі жыл соңына дейін 40 млрд. теңгені игеруі керек», - деді Е. Досаев.
«ҚазАқпарат»