2016 ЖЫЛДАН БАСТАП INVESTORS SERVICE CENTER БАРЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАРҒА АШЫҚ
2016 жылдан бастап Investors Service Center барлық инвесторлар үшін жұмыс істейді. Бұл туралы ҚР Инвестиция және даму министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап «БАҚ.кз» хабарлады.
Елбасының тапсырмасына сәйкес 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР Инвестиция және даму министрлігінде инвестициалық басымды жобаларды іске асыру бойынша инвесторларға «бір терезе» қағидаты қызмет істеуде. Инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қажетті барлық рұқсат құжаттары сол «бір терезеден» берілуде. Атап айтқанда, ол 363 мемлекеттік қызметті қамтиды. Оның ішінде лицензиялар, жер алуға рұқсаттар, шетел жұмыс күшін тарту сияқтылр бар. Осы мақсатта әрбір министрліктерде және әкімдіктерде бірінші басышылардың орынбасарлары деңгейінде жауапты тұлғалар анықталды.
Қазіргі таңда Investors service centre АҚШ, Франция, Италия, Германия, Корея, Жапония, Үндістан сияқты мемлекеттердің 200-ге жуық ірі компания өкілдерімен кездесулер өткізілді. Investors Service Centre «бір терезе» қағидаты шеңбері бойынша машина жасау, тамақ өнімі, электр құралдарын өндіретін, жобалайтын және басқа арнайы салалы компанияларға сүйемелдеу көрсетлді.