СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ТҰРУДАҒЫ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМДАРЫ, КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ РӨЛІ
Казақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде Агенттік және оның аумақтық департаменттерінің қатысуымен бейне байланыс арқылы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудағы құқық қорғау және кәсіподақ ұйымдары, кәсіпкерлік субъектілерінің рөлі» тақырыбындағы сұхбат алаңы өткізілді.
Сұхбат алаңына Департамент басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңес төрағасы М.Оразали және Департамент қызметкерлері, республиканың және өңіріміздің құқық қорғау және кәсіподақ ұйымдарының өкілдері, кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Шара барысында сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік жағдайын жасау және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары мәдениетті қалыптастыру мақсатында Агенттікпен әзірленген ынтымақтастық туралы Ашық келісім құжаты талқыланды.
Ашық келісім сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыруға жалпы қоғамдық күштің біріктірілуін көздейді және осы ұсынылып отырған жаңа бағыт барлық азаматтық қоғам институттарымен біркелкі келісім жасауға ыңғайлы механизм болып табылады.
Ынтымақтастықтың мақсаты азаматтарды және ұйымдарды құқықтық сауаттандыру және оқыту, құқықтары мен заңды мүдделерін түсіндіру және қорғау, сондай-ақ қоғамда, соның ішінде еңбек ұжымында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, тараптардың демократиялық бастамаларды кеңейтуді, мемлекеттік басқарудың ашықтығын, ұлттық бизнестің транспаренттілігін қамтамасыз ету, корпоративтік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатындағы бірлескен және келісілген әрекеттері болып табылады.