БЕЙБІТ КҮНДЕ ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫН ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӘКІМІ МАРАПАТТАДЫ
Ағымдағы жылдың 16-20 қарашасы аралығында Қызылорда облысында ұйымдастырылып жатырған «Қазіргі заман қаһарманы» республикалық акциясы аясында қызметтік міндеттерін өтеу барысында жанқиярлық танытып, бейбіт уақытта ерлік жасаған 15 тәртіп сақшысынан, ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілдері мен Алматы қалалық ІІД-нің ансамблінен құралған делегация Сыр өңіріне ат басын тіреп, облысымыздың барлық аудандарын аралап, кездесу жиындарын ұйымдастырған болатын.
Қазақстандық патриотизмді насихаттауға бағытталған аталмыш акцияның соңғы күні Қызылорда қаласында өтті. Ағымдағы жылдың 20 қарашасында «Қазіргі заман қаһарманы» акциясының қатысушылары мен сыр сақшылары Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің ауласына жиналып, қызметтік міндетін өтеу барысында қаза тапқан қызметкерлердің аты қашалып жазылған мәрмәр тақта мен Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне қойылған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, бір минуттық үнсіздікпен еске алып, рухтарына тағзым етті.
Шара одан кейін білім беру орындарында жалғасын тапты. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған бейбіт күннің батырлары қала ортағындағы №1, 7, 9, 4, 2, 3, 23, 136, 10, 198, 264, 140, 12, 211, 235 мектептерінде болып, оқушылармен жүздесті. Олар бастарынан өткен оқиғаларын, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, адам өмірі мен бостандығына қауіп төндірерлік әрекеттердің алдын алу бағытында танытқан ерліктерін бейнероликтер арқылы баяндап, жастар назарына ұсынды. Жиналған қауымның сұрақтарына жауап беріп, ағалық ақыл-кеңестерін айтып, патриоттылыққа, өз елін, жерін құрметтеуге шақырды. Кездесу соңында жиналғандар суретке түсіп, мектеп ұжымдарына ерліктің, қаһармандықтың символы болар естелік сыйлықтар табыс етті.
Сонымен қатар, шара барысында бейбіт күннің батырлары «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасындағы тікелей эфирлік бағдарламаға қатысты. Онда жиналғандар Сыр өңіріне жасалған сапардан алған әсерлерімен бөлісіп, аталмыш акцияның көздеген мақсатын, бір апта көлемінде атқарылған жұмыс нәтижесін, қазіргі заман қаһармандарының ерліктерін баяндап берді.
Республикалық акция Н.Бекежанов атындағы драма театрында мерекелік жиынмен қорытындыланды. Бейбіт уақытта ерлік көрсеткен 15 полиция қызметкерлері мен ҚР ІІМ-нің Кадр жұмысы департаменті бастығының орынбасары Құрымбаев Руслан Қуандықұлы, ҚР ІІМ-нің Кадр жұмысы департаментінің тәрбие жұмысын ұйымдастыру бөлімінің бастығы Қаженов Болат Қойшыбекұлы, ҚР ІІМ Кадр жұмысы департаментінің аға инспекторы Садуақасов Рүстем және Алматы қалалық ішкі істер департаментінің ансамблі «Қазіргі заман қаһарманы» республикалық іс-шарасының жоғары деңгейде өткізілуіне ат салысып, өз қызметін адал атқарып, құқықтық тәртіпті сақтауға қосқан үлестері үшін ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қ.Қасымовтың «Алғыс хатымен» марапатталып, естелікке «Қазіргі заман қаһарманы» мүсіншесі табыс етілді. Сондай-ақ, қонақтар Қызылорда облысы әкімі Қ.Көшербаевтың Алғысымен және департамент бастығы Ж.Сүлейменовтің «Алғыс хатымен» марапатталып, сый-құрметке бөленді. Шараның ресми бөлімі және марапаттау рәсімі аяқталысымен, кешке жиылғ андар, Алматы қалалық Ішкі істер департаменті ансамблінің концертін тамашалады.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі