СК «ФАРМАЦИЯ» ЖШС МЕН ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БІРЛЕСІП ДӘРІ-ДӘРМЕК ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ САЛУ МӘСЕЛЕСІН ТАЛҚЫЛАДЫ
Бүгін Қызылорда облысына жұмыс сапармен келген СК «Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Нұржан Әлібаевтың қатысуымен мәжіліс өтті. СК «Фрамация» халықты уақытылы, сапалы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді көздейді. Сонымен қатар бірыңғай дистрибьютор жүйесін жолға қоюды көздеп отыр. Осы орайда облыс әкімдігімен бірлесе жұмыс істеп, алдағы уақытта аймақта орталықтандырылған дәрі-дәрмек қоймасын салу да жоспарда бар.
- СК «Фармация» - тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде халықты дәрі-дәрмек заттарымен қамтамасыз ету және тең құқылы серіктестік жағдайында жеке және мемлекеттік секторлардың күш-жігерін біріктіру жолымен ҚР-да фармацевтикалық саланы дамытуға жәрдемдесу мақсатында құрылған. 2018 жылдан бастап компания инвестиицялық жобаларға конкурс жарияламақшы. Осыған байланысты біз Қызылорда облысы әкімдігімен осы өңірде дәрі-дәрмек шығаруға бағытталған жобаларды қолдауға дайын екенімізді мәлімдеймін, - дейді Нұржан Әлібаев.
Қазір облыста 46 мдициналық мекеме СК «Фармация» компаниясымен жұмыс істейді. Биылдың өзінде 3 млрд. 800 млн. теңгеге келісім-шарт жасалып, қажет дәрі-дәрмектің 96 пайызы жеткізілген. Осы мекемелердің басшылары дәрі-дәрмек пен медициналық аппараттарды алуға өтінімдер жылына 1 рет емес, 2 мәрте қабылданатындай жағдай жасалса деп отыр.
- Біз СК «Фармация» серіктестігімен бірлесе жұмыс істеуге және ортақ жұмыстарды жүзеге асыруда қолдау көрсетуге дайынбыз. Сонымен қатар, өңірдің индустриялық аймағында инфрақұрылым мәселесі шешілгендігін ескере отырып, тез арада СК «Фармация» ұысынып отырған индустриялдық жобалардың конкурсына жоба әзірлеуді тапсырамын, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Ал СК «Фармация» ЖШС өз кезегінде дәрі-дәрмектердің уақытылы, әрі сапалы жеткізілуін қатаң қадағалайтындықтарын мәлімдейді.