ЕУРОПАНЫҢ КАРДИОХИРУРГТАРЫ ҚАЗАҚСТАНҒА ОҚУҒА КЕЛІП ЖАТЫР - Ю.ПЯ
Астанадағы Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық қазақстандық мамандар үшін ғана емес, шетелдіктер үшін де білім базасына айналуда. Бұл туралы бүгін Парламент Сенатында өткен кездесу барысында ҚР Ұлттық кардиология орталығы Басқарма төрағасы Юрий Пя мәлім етті.
Юрий Пяның айтуына қарағанда, ағымдағы жылдың өзінде Астанадағы Орталықтан 15 Еуропа мемлекетінен келген елуден астам маман оқып шыққан. Бұл ретте Орталық басшысы мекемеде ғылыми зерттеу жұмыстары белсенді түрде жүзеге асырылып қана қоймай, озық медициналық технологияның практикалық тәжірибелерін енгізумен де айналысып жатқанын атап өтті.
«Біздің Орталық халықаралық зерттеулерге де белсенді қатысып жатыр. Мәселен, жақында ғана біз соңғы буындағы жасанды жүректі пайдалану бойынша көпқырлы халықаралық зерттеуді аяқтадық. Сонымен қатар, Қазақстан бүгінгі таңда жасанды жүректі клиникалық зерттеуден тыс қолдануды жалғастырып келе жатқан әлемдегі бірден-бір мемлекет болып отыр», - деді Юрий Пя.
ҚазАқпарат