ҚАЗАҚСТАНДА ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛЫНДА ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ
Мысыр мен Франциядағы терактіден кейін Қазақстанда темір жол вокзалында қауіпсіздік шаралары күшейтілді, деп хабарлады Көліктегі ІІД әкімшілік полиция басқармасының баспасөз қызметі.
Астана қаласының темір жол вокзалында Көліктегі ІІД әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері «Вокзал-сервис» АҚ қызметкерлерімен бірлесіп, қызметтік басқосу өткізді. Онда әуе және темір жол нысандарындағы қауіпсіздік мәселелері сөз болды.
Соңғы кездерде әлемнің көптеген елдерін алаңдатып отырған оқиғалар көлік нысандарындағы қауіпсіздік пен тәртіпті қатаң қадағалауды талап етеді. Бұл мәселе бүгінгі күні елімізде де өзекті мәселенің бірі. Көлік нысандарын заңсыз әрекеттерден қорғау мәселесі бүгінде басым бағыттардың бірі болып отыр.
ҚР ІІМ Көліктегі ІІД ел аумағындағы 16 мың шақырымды құрайтын темір жолдарға, сондай-ақ, 303 темір жол вокзалдары мен 18 әуежайға қызмет көрсетеді. Көлік сақшыларына әуе жайлар мен темір жол вокзалдарындағы қауіпсіздікті күшейту талаптары қойылып, осы мақсатта жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Әуежайлар мен темір жол вокзалдарында тыныштық пен тәртіпті қатаң қадағалау жұмыстары көлік полицейлері мен «Әскерилендірілген темір жол қүзеті» қызметкерлерімен және әуежайдағы Әуе қауіпсіздігі қызметімен бірлесіп, Департаменттің кинологиялық орталығының қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен жүргізілуде.
«Бүгінгі күні тексерудің алғашқы жүйелері еліміздің барлық вокзалдары мен әуежайларында орнатылды. Жолаушылардың қол жүктерін тексеру мақсатында вокзалдар мен әуежайлардың кіреберісінде «Рапискан» металл іздеу жүйесі іске қосылған, күдік тудырған заттар мен қол жүктері тексеріліп, тексеру барысында тасымалдауға тыйым салынған заттар кездесетін болса, көлік полициясының өкілдері шақырылып, тиісті процессуалдық шешімдер дер кезінде қабылданады»,- дейді Көліктегі ІІД әкімшілік полиция басқармасының басшысы полиция полковнигі Нұрлан Садықов.
Көлік нысандарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған мұндай шаралар ұдайы түрде өз жалғасын табады.