ТӘУЕЛСІЗДІК МЕЙРАМЫНА ДЕЙІН ЖАҢА ЖЫЛДЫ МЕРЕКЕЛЕУГЕ ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕЙДІ
Еліміздегі әкімдіктер жылда қараша түсе салысымен, шаһарларын безендіруге көшетін. Биыл бірқатар облыстың әкімдіктері Тәуелсіздік мейрамына дейін Жаңа жылдық әрлендіруге қаржы бөлмейтін болды.
«Хабар» телеарнасы хабарлағандай, жергілікті биліктегілер, ең алдымен, Тәуелсіздік күнін басты назарға алатынын, мұның қазына қаржысына үнем болатынын жеткізді. Жаңа жылда қазына қаржысын үнемдеу мәселесінде Қарағанды өзге өңірлерге үлгі болмақ. Жергілікті әкімшіліктің ұйғаруымен қоймадағы қыруар дүние биыл да кәдеге жаратылмақ. Осылайша қаражатты үнемдеуге көшкен әкімдіктегілер Жаңа жылдық шыршаны Тәуелсіздік мейрамынан бұрын орнатпауды да ұйғарған.
Өскеменде керісінше, Жаңа жыл мерекесіне қызу дайындық 12 қарашадан басталып кеткен. Тіпті, елдегі алғашқы алып шырша да осында орнатылған. Қала билігі мұндай жеделдікті «күн райы күрт суытса, дайындыққа үлгермей қалумыз мүмкін» деген себеппен түсіндіреді. Жаңажылдық безендіруге бюджеттен арнайы ақша қарастырылмаған.
Жаңа жылға шашылмауды және оған Тәуелсіздік мерекесінен бұрын дайындалмауды зиялы қауым өкілдері, олардың ішінде «Нұр Отанның» жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесіне мүше ақын-жазушылар ұдайы көтеріп келеді. Қазірдің өзінде бұл бастаманы Атырау, Алматы, Қызылорда, Жамбыл облыстары құптады.
Григориан күнтізбесі бойынша тойланатын Жаңа жылдың негізгі нышаны – шыршадан бас тартып отырған мемлекеттер бар. Мысалы, Бельгияда биылғы Жаңа жылдық жасыл шыршалардың орнына қарапайым ағаштар орнатылмақ. Еліміздің кей аймақтары жаңа жылға қанша қаржы жұмсайды? Мәселен, Павлодар былтыр 60 млн. теңге жұмсаса, биыл 40 млн. теңге жоспарлаған. Ал Тараз биыл бюджеттен бір тиын да шығармауды ұйғарыпты. Былтыр Шымкентті безендіруге 60 млн. теңге жұмсалса, биыл бұл сома – 80 млн. Өскеменде небары – 300 мың теңге.