ЖЕРГЕ АЛЫП АСТЕРОИД ЖАҚЫНДАП КЕЛЕДІ
2014 RC нөмірлі астероид 7 қыркүйек күні АҚШ-тың шығыс жағалауы уақытымен сағат 14:18-де Жерге барынша жақындайды. Нысанның диаметрі 20 метрге жуық, деп хабарлайды НАСА сайты.
Астероид Жаңа Зеландия жерімен ұшып өтеді және Жерге еш қауіп төндірмейді. Аспан денесі біздің ғаламшарымыздан 40 мың шақырымға дейінгі қашықтықта болады.
Астрономдар астероидты алғаш рет 31 тамыз күні түнде Аризонадағы обсерваторияда аспанды бақылау кезінде байқаған екен. Кейіннен, 1 қыркүйекке қараған түні Гавай аралдарында тәуелсіз Pan-STARRS телескопы да әлгі нысанды байқаған.