«НҰР ОТАННЫҢ» ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЛАРЫНА 73 МЫҢНАН АСТАМ ӨТІНІШ ТҮСКЕН
«Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде жыл басынан бері Мәжіліс депутаттары 70-тен астам, министрлер мен вице-министрлер 61 жеке қабылдау өткізді. Үкімет мүшелерінің қабылдауына әр азамат алдын ала тіркелу арқылы қатысқан.
«Астана» телеарнасы хабарлағандай, ал әкімдер мен олардың орынбасарлары 7 мыңнан аса қабылдаулар өткізді. Мұнан бөлек, 7582 телефон қоңырауы тіркелді. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Абылайхан Оспанов мәлімдеді. Жыл басынан бері жалпы еліміз бойынша 73 мың азаматтан келіп түскен өтініштердің 14600-ден астамы, яғни 20 пайызы оң шешімін тапқан.
55500-ден астамына немесе 76 пайыз өтініш бойынша түсініктемелер берілді. Республика бойынша билік партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне мамандардың азаматтарды жеке қабылдау барысында 40 мыңнан астам адам көмекке жүгінген. «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне келіп түскен арыздар құр қаралып қана қоймайды. Еліміз бойынша келген барлық арыздар мен ұсыныстар сараланып, өзектілері «Нұр Отан» партиясының Мәжілістегі фракциясына беріледі. Ал, депутаттар жаңа заңдарды қабылдар кезде ол ұсыныстарды ескеретін болады.