Т.БАЛЫҚБАЕВ ЕҢБЕК НАРЫҒЫНДА ЖОҒАРЫ СҰРАНЫСҚА ИЕ САЛАЛАРДЫ АТАДЫ
«Эксперт» сарапшылар клубының кезекті отырысына қатыса отырып, «Қазір қазақстандық білім бəсекеге қабілетті ме?» деген сауал төңірегіндегі пікір алмасуға қатысқан Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев қазір Қазақстанның еңбек нарығында көп сұранысқа ие салаларды атады.
«Еңбек нарығында сұранысқа ие салалар - машина құрастыру, электр энергетика, тау-кен металлургия саласы, сондай-ақ, тамақ өнеркəсібі мен ақпараттық-коммуникация технологиясы салалары. Міне, біз мемлекеттік гранттарды осы жəне өзге де бағыттарға қарап, бөлеміз. Яғни, мемлекеттік тапсырыс (мемлекеттік грант) біздің экономикамызға, біздің индустриямызға қарай жасалады»,-деп мəлім етті Т.Балықбаев
Вице-министрдің айтуынша, жалпы, Қазақстанда мектеп түлектарінің 60% жоғары оқу орнына оқуға қабылданады. Осы көрсеткішке грантта оқитын студенттермен қатар, ақылы негізде білім алатын жастар да қосылып отыр. Оның үстіне, Т.Балықбаев атап өткендей, нарықта сұраныс төмен болса да, экономист жəне заңгер мамандықтарын таңдайтын түлектер көп.
«Ақылы негізде экономист, заңгер, қаржы мамандығына оқитын жастар көп. Бұл, əрине, əр баланың жəне ата-анасының таңдауы. Дегенмен, біз мемлекеттік тапсырысты еңбек нарығындағы сұранысқа сай қалыптастырамыз»,-деді Т.Балықбаев.
«ҚазАқпарат»