«БАҚ.КЗ» ПОРТАЛЫНА – БЕС ЖЫЛ
Еліміздегі қазақтілді барша ақпарат құралын бір арнаға шоғырландырып, бұқараның өзіне қажетті дүниені бір көзден алуына мүмкіндік берген «БАҚ.кз» порталына – биыл бес жыл.
Азғантай уақыттың ішінде ол ақпараттық порталдардың алдыңғы легінен орын алып үлгерді. Бұрын өз аймағынан әрі аспаған облыстық, аудандық басылымдардың танылуына, оқырманмен тығыз байланыс орнатуына жол ашты. «БАҚ.кз»-ке жүктелген тапсырмалардың бірі – сайттары жоқ қазақтілді газеттерді ғаламторға енгізу болатын. Редакция ұжымы үдеден шыға білді. Жылдам ақпаратқа тәуелді қоғам үшін бұл әлдеқайда қолайлы. Атамекеннен жырақтағы ағайын Қазақстанда не болып жатқанын, қандастарының халі қандай екенін күнделікті біліп отыра алатын болды.
Ұлттық идея мен жадының ұстынына айналған ақпараттық портал ұжымын бес жылдық белесімен құттықтап, алар асуларыңыз бұдан да биік болсын демекпіз.
Қызылорда облыстық «Кызылорда ньюс»
интернет газетінің редакциясы