2018 ЖЫЛҒА ДЕЙІН «ЖҚЖК–2020» БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА 114 млрд. ТЕҢГЕ БӨЛІНЕДІ
2016-2018 жылдарға арналған «Жұмыспен қамтудың жол картасы –2020» бағдарламасын жүзеге асыруға 114 млрд теңге қарастырылған, оның 37,8 млрд теңгесі 2016 жылы бөлінеді. Бұл туралы «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заң жобасы туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысы барысында ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.
«Тұрақтылықты қамтамасыз ету, халықты жұмыспен қамту және ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға көмек көрсету мақсатында «Жұмыспен қамтудың жол картасы –2020» бағдарламасын жүзеге асыру жалғасады», - деді Б.Сұлтанов.
Сонымен, бұл мақсатқа 2016-2018 жылдарға 114 млрд теңге қарастырылған, оның 37,8 млрды 2016 жылы бөлінеді. Бұл қаржыға 36 мың жұмыс орнын ашып, 27 мыңға жуық адамды оқыту арқылы жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр.