СИНТОПТИКТЕР АЛДАҒЫ ҚЫСТЫҢ ҰЗАҚ ӘРІ СУЫҚ БОЛАТЫНЫН БОЛЖАДЫ
Қазақстанда қар басып қалу қаупі төнген бір жарым мыңдай аумақ бар. Транспорттық магистральдарға жүргізілген арнайы зерттеу осыны көрсетті.
Тас жолдарды қарлы бұрқасыннан қорғау мақсатында 13 мыңға жуық бөгет салынған. Аталған аумақтарға жүргізушілерге арналған ақпараттық тақталар мен белгілер қойылды. Республикалық маңызы бар жолдардың бойына мыңға жуық жылы бекеттер орнатылған. Бұл жөнінде Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Валерий Петров хабарлады.
"Төтенше жағдай құрылымдары қысқы маусымға толық әзір. Техника түгел тексерілді. 80 мың тоннадан астам сұйық отын қоры дайын. Азаматтарды төтенше жағдайлар туралы хабардар ету мақсатында ұялы телефон операторларымен қосымша келісім-шарттар жасалды. Ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде қауіпсіздік ережелеріне қатысты нұсқамалар жарияланды”, – дейді ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті төрағасы Валерий Петров.
Желтоқсанның соңғы онкүндігінде кей аймақтарда температура – 46 градусқа жетеді. «Қазгидрометтің» болжамына сай республиканың Оңтүстік, Оңтүстік-шығыс аймақтарында қаңтар айының басында ауа температурасы -27 -37 градусты көрсетеді.
Ал Батыс өңірлерде сынап бағанасы -42 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Қаңтар мен ақпанда солтүстік өңірлерде ауа райы аса суық болады деп болжанып отыр. Термометр көрсеткіші -36, -46-ға төмендейді.
Қазақстанның басым бөлігінде ақпан айында қалың қар түсіп боран соғады. Осыған орай комитет төрағасы, тұрғындарды қыс мезгілінде ұзақ жолға шықпауға шақырады. Әрбір азамат смс хабарлама арқылы жолданған ескертулерге жауапкершілікпен қарап, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауы тиіс.
nur.kz